Алматыда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионаты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионаты өтеді

Алматыда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионаты өтеді

Алматыда 4 қараша күні «Темір дос» кешенінде волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 1-туры өз жалауын көтереді.

  • 2 Қараша 2011
  • 402
Фото - Caravan.kz

Айналым жүйесі бойынша өтетін бұл додаға 6 команда қатыспақ. Олар — «Алматы» (Алматы),

«ТНК «Қазхром» (Хромтау), «Есіл» (Қызылжар), «Атырау» (Атырау), «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен), «Конденсат» (Орал) волейболшылары. Биылғы чемпионатта алматылықтар ел чемпионы болса, хромтаулық күміс, өскемендіктер қола жүлдегер атанған болатын. Жаңа маусым «ТНК «Қазхром» мен «Конденсат», «Атырау» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс», «Алматы» мен «Есіл» арасындағы ойынмен басталмақ. Алғашқы тур 9 қараша күні Алматы мен Орал қалалары командаларының кездесуімен аяқталмақ.