Голландияда мини-футболдан әлем чемпионатында ОҚО полицейлері үшінші орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Голландияда мини-футболдан әлем чемпионатында ОҚО полицейлері үшінші орын алды

Голландияда мини-футболдан әлем чемпионатында ОҚО полицейлері үшінші орын алды

Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) ішкі істер департаментінің (ІІД) футбол командасы Голландияда өткен мини-футболдан 29-шы әлем чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

  • 2 Қараша 2011
  • 671
Фото - Caravan.kz

«Чемпионатқа әлемнің 54 елінің командалары қатысты. Қазақстанның ІІМ атынан Голландиядағы жарысқа Оңтүстік Қазақстанның командасы барды», — деп хабарлады баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Оның айтуынша, шымкенттік сақшылар өздерінің топтарында Польша, Чехия, Венгрия, Молдавия, Андора, АҚШ құрамаларын жеңіп, 1/8 финалға шықты.

«ОҚО полицейлері 0:3 және 0:2 есептерімен латвиялық және ресейлік полицейлерді тізе бүктіріп, финалға жолдама алды. Әлем чемпионатына қатысқан 198 команданың ішінде оңтүстікқазақстандықтар Босния мен Сербия футболшыларына ғана есе жіберіп, үшінші орын алды», — деп хабарлады баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ, С. Қаракөзова чемпионаттың ең үздік ойыншысы атағы ОҚО ІІД ЖПБ инспекторы, полицияның аға лейтенанты Нұрдәулет Маймақовқа берілгенін хабарлады.

Бұл оңтүстікқазақстандық сақшылардың әлемдік спорт аренасындағы алғашқы жеңістері емес, 2006 жылы ОҚО полициясы мини-футболдан әлем чемпионатында үшінші орын алған болатын.

Полиция қызметкерлерінің арасында мини-футболдан әлем чемпионаты 10-25 қазан аралығында Нидерланды Корольдігінің Айберген және Грунло қалаларында өтті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера