«Бүгін Қарағанды облысының футбол жанкүйерлерінің үлкен қуанышты спорт мерекесі.
Бүкіл тарихымызда біздің командамыз ел чемпионы атанды. Бұл, сөзсіз, ұлы жеңістік. Және ол Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап отырған жылы және Қазақстандағы футболдан мерейлі 20-шы чемпионат өтіп отырған жылы болғаны ерекше мәнге ие», — деді С. Ахметов сәрсенбі күні «Шахтер» командасын марапаттаудың рәсімінде.
«Шахтердің» табысы елбасының аймақтағы спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сай жүргізіліп отырған орасан зор еңбектің жемісі, деп облыс әкімі атап көрсетті.
С. Ахметов команда ойыншылары мен бас бапкері Виктор Кумыковқа және жанкүйерлерге алғысын білдірді. «Бұл маусымда сіздер өз ойын мәнерлеріңізді тауып, сенімді түрде жеңістен жеңіске жете бердіңіздер. (…) Онда бір маусымның ішінде команданың басын біріктіріп, жеңіске ұмтылған ұжым қалыптастыра білген бас бапкер В. Кумыковтың да еңбегі орасан зор.
(…) «Шахтер» қарағандылық футбол клубы еліміздегі ең озық команда екендігін дәлелдеп берді. (…) Біздің барлығымыз командамыздың ел чемпионы атанғанын армандадық және сол арманымыз орындалды. (…) Шеберлік әрине қажет-ақ, бірақ «Шахтер» алтынды жанкүйерлерінің арқасында да жеңіп алды десек, артық айтпағанымыз», — деді С. Ахметов.
Облыс әкімі билік футболдың дамуын қолдайтынына сендірді. «Келесі жылы «Шахтер» үшін заманға сай, жылынатын запастағы стадион салынады. Экологиялық таза ауданда футбол базасы салынады. Жақында стадион УЕФА талаптарына сай жөндеуден өтеді. Әрине, келешекте жаңа стадион да салынуы әбден мүмкін», — деді С. Ахметов.
Чемпиондарға Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) вице-президенті Сейлдә Байшақов медальдар табыс етті. Ойыншылар ҚФФ грамотасын да алды. Облыс әкімі С. Ахметовқа да облыстағы футболдың дамуына қосқан үлесі үшін ҚФФ алтын медалі табыс етілді. Бұл медальмен Қарағанды облысының футбол қауымдастығының құрметті президенті, еңбек ардаегрі, команданың адал берілген жанкүйерлерінің бірі Малик Имашев та марапатталды.
Осыдан кейін облыс әкімі футбол командасына сыйлық ретінде Т10 млн-дық сертификат табыс етті.
«Шахтерліктер» бұл жеңісін ең алдымен Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнайды, деп «Шахтер» ФК атқарушы директоры Ерден Халилин атап көрсетті.
«Мұнымен тоқтамау керек. Мен біздің команда келесі маусымда да жеңіске жетеді деп ойлаймын», — деді команда кпитаны Андрей Финонченко.
Команда бір ай тынығады, одан кейін 8 желтоқсанда команда алғашқы оқу-жаттығу жиынына Түркияға аттанады, деді В. Кумыков.
Атқарушы директордың айтуынша, команданы қаржыландыруды ұлғайту мәселесі шешілген. «Сөзсіз, бюджет ұлғаяды. Клуб енді Чемпиондар лигасында ойнайтын болған соң, шығын сомасы да артады», — деді Е. Халилин.