Қазақстанның боксшылары Лондон Олимпиадасына дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның боксшылары Лондон Олимпиадасына дайындалуда

Қазақстанның боксшылары Лондон Олимпиадасына дайындалуда

Бүгінгі таңда Лондон Олимпиадасына дайындық жоспары бекітіліп, боксшылар дайындық жаттығуларын бастады.

  • 3 Қараша 2011
  • 713
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстанның бокс федерациясы атқарушы комитетінің отырысында ҚР Ұлттық құрама командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлім етті.

Оның хабарлауынша, Қазақстанның Ұлттық құрама командасының бапкерлер кеңесі бекіткен кестеге сәйкес 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына дайындық жұмыстары келесі жылдың қаңтар айында басталады. «Қазіргі кезде біздің боксшылар Сарыағаш шипажайында дем алып жүр. Ол жерде сауықтыру шараларынан өткеннен кейін олар Астанаға келіп, шартты жиындарға қатысады. Содан соң Алматыда медициналық тексеруден өтіп, арнайы дайындыққа кірісетін болады. Ал желтоқсан айында біздің боксшылар Бразилияда өтетін оқу-жаттығу жиындарында өз күштерін сынап көрмек», — дейді М.Айтжанов.

Сондай-ақ Лондон Олимпиадасына дейін Ұлыбритания, Ресей, Куба, Италия мен Украина боксшыларымен бірге оқу-жаттығу жиындарын өткізу жоспарланып отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера