Конькимен жарысудан әлем кубогының жеңімпаздарына медальдарды Өскемендегі қазақстандық монеталық сарай мамандары дайындайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Конькимен жарысудан әлем кубогының жеңімпаздарына медальдарды Өскемендегі қазақстандық монеталық сарай мамандары дайындайтын болды

Конькимен жарысудан әлем кубогының жеңімпаздарына медальдарды Өскемендегі қазақстандық монеталық сарай мамандары дайындайтын болды

Конькимен жарысудан әлем кубогының екінші кезеңінің жеңімпаздарына арналған медальдарды Өскемендегі «ҚР Ұлттық бакінің монеталық сарайы» РМК дайындайтын болды, деп елордалық «Алау» мұз айдыны сарайының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Қараша 2011
  • 660
Фото - Caravan.kz

«Қазақстандық монета сарайының мамандары конькимен жарысудан Астанада 25-27 қарашада өтетін әлем кубогының екінші кезеңінің жеңімпаздарына арналған медальдарды дайындауға кірісті», — делінген спорт сарайының мамандары жұма күні таратқан хабарда.

Баспасөз қыметінің мәліметтерінше, медаль диаметрі 70 мм болатын екі түрлі металлдан тұратын, бедерлі айна бетін ағынды құммен өңдеу әдісімен жасалған дөңгелек. Медальдің қалыңдығы 4 мм.

Аверсінде (медальдың бетінде) әлем кубогының логотипі мен коньки спортының пиктограммасы. Реверсінде (медальдың сырт жағында) Астана символы – «Байтерек» монументі мен кубоктың өтетін датасы бедерленген.

«Медаль мен наградалық жолақтарда ұлттық өрнектердің нақыштары мен Қазақстан туының ойлары қолданылған. Медаль дизайнын штаттағы ұлттық команда дирекциясы жасаған», — деп көрсетілген хабарда.

Жарыстың ұйымдастыру комитетінің мәліметтерінше, «А» дивизионында үш деңгейлік 12 медаль комплектісі тапсырылады. «Б» дивизионында тек гүл тапсыру қарастырылған

«Қазақстан қабылдаушы мемлекет ретінде мейлінше көп спортшыларын — әр қашықтыққа бес спортшысын шығара алады», — дейді баспасөз қызметіндегілер.

Әлем кубогының кезеңі 30 елдің күшті деген спортшыларын қабылдайды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера