жеңіске жетті.
Кеше «EUROSPORT» телеарнасы таратқандай, 6 қараша күні Париж қаласында Қазақстан спортшысы Зүлфия Чиншанло 53 келі салмаққа дейінгі қоссайыста әлемнің екі дүркін чемпионы атанды.
Зүлфия Чиншанло 2009 жылғы әлем чемпионы, Гуанчжоуда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстанның үш дүркін чемпионы.
Зүлфиядан басқа әлемнің екі дүркін чемпионы Майя Манеза мен Светлана Подобедова, ерлер арасында Бейжіңдегі Олимпиада чемпионы Илья Ильин мен әлем чемпионы Владимир Седов Парижде Қазақстан намысын қорғайды.