Оралда тоғызқұмалақтан ел біріншілігі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда тоғызқұмалақтан ел біріншілігі басталды

Оралда тоғызқұмалақтан ел біріншілігі басталды

Орал қаласында ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тоғызқұмалақтан жастар арасында республика чемпионаты басталды.

  • 7 Қараша 2011
  • 501
Фото - Caravan.kz

Оған еліміз облыстары мен Астана қаласынан 133 тоғызқұмалақшы қатысуда. Жарыстың ашылу салтанатында тоғызқұмалақтан ел құрамасының бас бапкері Айнұр Жақыпбаева бес бірдей тоғызқұмалақшыға спорт шеберінің куәлігін табыс етсе, соның үшеуі — БҚО-дан. Жарыста 66 бозбала мен 67 қыз 15-16, 17-18 және 19-20 жас аралығында сынға түсуде.

Қазақ драма театрының кең де жарық холында өтіп жатқан жарыстың алғашқы ойындарында павлодарлықтар сәтті өнер көрсетуде. Сондай-ақ қызылордалықтар, ақтөбеліктер, қостанайлықтар мен батысқазақстандықтар қарқыны да жаман емес.

9-10 қарашада блиц-турлар өтсе, 11 қарашада чемпионат жеңімпаз-жүлдегерлері анықталады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера