Аталмыш команда еліміз тәуелсіздік алғаннан бері тұңғыш рет БҚО-дан бірінші болып Алматы облысының Жоңғар Алатауында өткен I санатты тау жорығына барды.
5 қарашада ауданға қуанышты хабар келді. Қазылар алқасы туриаданың қорытындысын жариялап, ақжайықтық балғын туристерге екінші орын берген.
Жорықта аудандағы Есенсай, Бударин орта мектептері туризм үйірмесінің мүшелері Жоңғар Алатауымен 102 километр жүріп өтті. Олар таумен алғаш рет бетпе-бет келсе де, мысалы, Қора, Шежін өзендерінен аспалы көпір құрып, басқа да табиғи кедергілерден шарттардың талабына сай жүріп өтіп, 3700-4200 метр биіктікте жұмыс жасай алатындарын және қайсарлықтарын көсете білді.
-Осы үлкен жарысқа Ресей Федерациясынан алты, республикамыздан сегіз команда қатысқанын ескерсек, Ақжайық аудандық туризм және экология орталығының командасының II орын иеленуі зор жетістік екені кәміл,-дейді команда жетекшісі Қуаныш Аққалиев.