Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінде батысқазақстандықтар сәтті өнер көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінде батысқазақстандықтар сәтті өнер көрсетті

Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінде батысқазақстандықтар сәтті өнер көрсетті

Астанада өткен халықаралық ХІV «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінде батысқазақстандықтар сәтті өнер көрсетті.

  • 8 Қараша 2011
  • 552
Фото - Caravan.kz


Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығынан хабарлағанындай, Азамат Шынаров халық музыка жанры бойынша (домбырамен ән салу) бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ өнердің осы түрінен Эльмира Таудаева екінші жүлдені иемденсе, Жарас Сатыбалдиев Нұрғиса Тілендиев атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты атанды. Эстрада жанры бойынша құрамында Таңат Жексенов, Рүстем Ақташев, Айдос Жапақов бар «Барыс» триосы Роза Бағланова атындағы сыйлықты еншілесе, әдеби шығармадан (проза) Ләззат Шағатай дипломант атанды.

Перейти к новостям спорта