Велосипедшілердің халықаралық одағы Астанада өкілдік ашпақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Велосипедшілердің халықаралық одағы Астанада өкілдік ашпақшы

Велосипедшілердің халықаралық одағы Астанада өкілдік ашпақшы

Велосипедшілердің халықаралық одағы (UCI) Астанада аймақтық өкілдік ашпақшы, деп UCI президенті Пэт Маккуэйд мәлім етті.

  • 8 Қараша 2011
  • 515
Фото - Caravan.kz

«Біз велосипед спортының тек қазақстанда ғана емес, осы барша аймақта дамуы үшін Астанада аймақтық UCI орталығын ашпақшымыз», — деді ол жексенбі күні Астанада велотректен әлем кубогының кезекті кезеңінің аяқталуына арналған брифингте.

Бұл ретте UCI президенті велоспорттан қазақстандық федерациямен тығыз бірлесіп жұмыс атқаратындығына сенім білдірді. «Біз ҚР велоспорт федерациясының президенті Қайрат Келімбетов Қазақстанмен көрші елдердегі біздің өкіліміз болады деген сенімдеміз», — деп атап өтті П. Маккуэйд.
ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевты UCI алтын белгісімен марапаттауға қатысты журналистің қойған сауалына UCI президенті: «Мен ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа UCI алтын белгісін оның әлемдік велоспортқа қосқан орасан зор үлесі мен Pro-Team Astana командасын құрғаны және велоспорттан осы танымал халықаралық жарысты қабылдап отырған тамаша велодромды салғаны үшін табыс еттім», — деп жауап берді.

Оның айтуынша, «мұндай белгі велоспортты дамытуға қосқан орасан зор үлесі барларға ғана тапсырылады» екен.

Ол сондай-ақ ҚР велоспорт федерациясының президенті Қайрат Келімбетов те Қазақстандағы велоспорттың дамуына қосқан үлесі үшін ерекше сертификатпен марапатталғанын қосып айтты.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера