Қазақстан бокс федерациясының кубогының жартылай финалындағы жеңісті қарағандылықтарға берді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан бокс федерациясының кубогының жартылай финалындағы жеңісті қарағандылықтарға берді

Қазақстан бокс федерациясының кубогының жартылай финалындағы жеңісті қарағандылықтарға берді

Қазақстан бокс федерациясының кубогының жартылай финалындағы жеңісті Қарағанды облысының командасына берді, деп сәрсенбі күні ҚБК сайтында хабарланды.

  • 9 Қараша 2011
  • 675
Фото - Caravan.kz

Бұрын хабарланғандай, 8 қарашада Қарағандыда Жамбыл және Қарағанды облысының бокстан құрама командаларының жартылай финалдық кездесулері өтіп, дау туындады.

Қарағандыдағы жартылай финалдық кездесу 5:5 есебімен тең аяқталды. Бірақ жеңісті Қарағанды облысының командасына берді. «Регламент бойынша, тең ойын болған жағдайда жеміпаз соңғы кездесудің нәтижесі бойынша анықталады. +91 кг аса ауыр салмақта қарағандылық Артем Василенок 12:3 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті, сондықтан матч жеңімпазы Қарағанды облысының командасы болды», — деп түсіндірді жарыс ұйымдастырушылары.

Бұл шешімге келіспеген жамбылдықтар наразылық шағым түсірді. «56 кг салмақта нәтиже 6:6 болса да жеңісті қарағандылыққа берді. Біз нәтижені алып көргенімізде 4 төреші жеңісті біздің боксшымызға бергені, ал 1 ғана төреші тең нәтиже қойғанын көрдік. (…) Жалпы алғанда біз бүгін 6:4 есебімен жеңдік деп есептейміз», — деді Жамбыл облыстық бокс федерациясының вице-президенті Қайрат Шотбақов.

Жамбыл бокс федерациясының өкілінің айтуынша, матч регламентті өте дөрекі бұзумен өтті.

Өз кезегінде қарағандылықтар 64 кг салмақ категориясындағы кездесу нәтижесіне қарсы шағым түсірді. «Мамандардың пікірінше біздің боксшымыз Ержан Мұсафинов белсенді ұрыс көрсетіп, күштілік танытты, бірақ оның соққыларының бәрі бірдей есепке алынбаған. Ойын нәтижесі жазылған қағаздың басып шығарылған нұсқасында 3 төреші тең нәтиже қойып, екі төреші біздің боксшымызға жеңіс берген. Бірақ компьютер Тараздық Талғат Әлімқұловты жеңімпаз деп таныды», — деп Қарағанды облыстық бокс федерациясының бапкері Ғалым Кенжебаев мәлім етті.

Астанада 16 желтоқсанда өтетін ҚБК финалында Қарағанды облысының командасы Маңғыстау облысының командасына қарсы тұрады. Ал Маңғыстаулықтар ШҚО командасын 12:2 есебімен жеңген.

ҚБК екінші рет өткізіліп отыр. Биылғы турнир Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады. Командалық жарыста 4 дивизион: «Солтүстік», «Оңтүстік», «Батыс», «Шығыс» командалары қатысты. Бұл жарыстың негізгі мақсаты — елдегі боксты дәріптеумен қатар перспективалы спортшыларды айқындау.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера