Суретші Армат Бектасовтың жеке көрмесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Суретші Армат Бектасовтың жеке көрмесі өтеді

Суретші Армат Бектасовтың жеке көрмесі өтеді

18 қараша күні елордадағы Тәуелсіздік сарайында қылқалам шебері Армат Бектасовтың «Язык линий - язык единства» атты жеке көрмесі өтеді.

  • 10 Қараша 2011
  • 538
Фото - Caravan.kz

Армат Бектасовтың «Великий путь линий» атты бірінші жеке көрмесі 1996 жылы «Бейне» галереясында өткізілді. Суретшінің маңызды іс-шараларының бірі ретінде ҚР Тұңғыш Президенті қорында ағымдағы жылы ұйымдастырылған «Жаңа мәнер» көрмесін атауға болады. Бұл көрме «Шабыт» ұлттық университетінде «Өнердегі Тәуелсіздік идеясы. Тарих және жаңашылдық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы кезінде Астана қаласының тұрғындарының назарына ұсынылды.

Ал 18 қараша күні Тәуелсіздік сарайында суретшінің жаңа туындылары — фотоинсталляциялар, мүсіндер, реализм мен жаңа мәнерде бейнеленген шығармаларын тамашалай аласыздар. Сонымен қатар, А.Бектасовтың ізбасарлары «Шабыт» өнер университеті студенттерінің шығармашылық жұмыстары да экспозицияда орын алады.

Перейти к новостям спорта