Волейболдан ХХ ел чемпионатының бірінші туры Оралда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан ХХ ел чемпионатының бірінші туры Оралда өтеді

Волейболдан ХХ ел чемпионатының бірінші туры Оралда өтеді

Волейболдан әйелдердің жоғары лига командалары арасындағы ХХ ел чемпионатының бірінші туры 13-18 қараша күндері Оралда өтеді.

  • 11 Қараша 2011
  • 440
Фото - Caravan.kz

Жоғары лигада 2011-2012 жылғы маусымда «ШығысҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен), «Алматиночка» (Алматы), «Жетісу-2» (Алматы облысы), «Қостанай», «ҚазЭУ» (Алматы), «Спартак АМТ» (Теміртау), «Қазхром» (Павлодар), «Қарағанды-2» (Карағанды облысы), «Астана-2», «ЦСКА-ВКС» (Алматы), «Қазығұрт» (Шымкент) және «Грация-KZ» (Орал) командалары сынға түседі.

Командалар барлығы бес турдың ойындарын өткізеді. Төрт турдан тұратын екі айналымнан кейін олар қос топқа бөлінеді. Яғни бесінші турда алдыңғы алты команда 1-6 орындар, қалғандары 7-12 орындар үшін күш сынасады.