Қарағандыдағы «Музыкалы Сары-Арқа» фестивалінде әр елдің әртістері өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыдағы «Музыкалы Сары-Арқа» фестивалінде әр елдің әртістері өнер көрсетеді

Қарағандыдағы «Музыкалы Сары-Арқа» фестивалінде әр елдің әртістері өнер көрсетеді

Қарағандыдағы күзгі дәстүрлі «Музыкалы Сары-Арқа» фестивалінде алыс және жақын шетелдік әртістер қатысады, деп облыстық мәдениет басқармасынан хабарлады.

  • 11 Қараша 2011
  • 563
Фото - Caravan.kz

«ХІІІ халықаралық «Музыкалы Сары-Арқа» фестивалін бүгін «Шалқыма» концерттік залында қазақтың Тәттімбет ат. ұлт аспаптық академиялық оркестірі ашады. Одан кейінгі күндері фестивальдық бағдарламаны Италия, Швейцария, Тайланд, Ресей мен Грузиядан келген қонақтардың өнері жалғастырады», — деді облыстық мәдениет басқармасынан бейсенбі күні.

Мәдениет басқармасының мәліметтерінше, жұма күні, 11 қарашада Қарағанды симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен италиялық пианистер Марко Шиава және Серхио Марчехиани, Швейцариялық виолончелші Эльдар Сапараев және Қазақстанның халық әртісі, скрипкашы Айман Мұсақожаева өнер көрсетеді. Оркестрге дирижерлік ететін тайландтық, халықаралық конкурс лауреаты Гудни Эмильссон.

12 қарашада джаз әуесқойларын жергілікті биг-бэнд пен Ресейдің халық әртісі Сергей Жилиннің жетекшілігіндегі Мәскеулік «Фонограф — джаз-бэнд» ансамбльінің бірлескен концертіне шақырады. Фестивальдің жабылатын жексенбі күні, 13 қарашада, Грузияның және КСРО-ның халық әртісі Нано Бригвадзенің және италиялық гитаршы, халықаралық және ұлттық конкурстың лауреаты Фабио Монтомолияның концерті болады.

Перейти к новостям спорта