Волейболдан Ұлттық лиганың В тобындағы ерлер командалары арасындағы ХХ Қазақстан чемпионаты Таразда басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан Ұлттық лиганың В тобындағы ерлер командалары арасындағы ХХ Қазақстан чемпионаты Таразда басталады

Волейболдан Ұлттық лиганың В тобындағы ерлер командалары арасындағы ХХ Қазақстан чемпионаты Таразда басталады

Таразда 15-22 қараша күндері волейболдан Ұлттық лиганың В тобындағы ерлер командалары арасындағы ХХ Қазақстан чемпионатының 1-туры өтеді. Тараз мемлекеттік университетінің спорт залында болатын бұл дүбірлі додаға 6 команда қатысады.

  • 13 Қараша 2011
  • 493
Фото - Caravan.kz

Олар жарыс қожайындарының «Тараз -ТарМУ» және Өскеменннің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-3», Хромтаудың «ТНК «Қазхром-2», Қызылорданың «Қорқыт ата КМУ», Теміртаудың «ВСМК Арселормиттал» мен Қостанайдың «КИнЭУ» волейболшылары.

Айналым жүйесі бойынша 5 турға созылатын ел чемпионатында олар Жоғарғы лиганың А тобының жолдамасы үшін таласады. Биыл жаңа маусым өскемендіктер мен қостанайлықтардың ойынымен басталады. Одан кейін хромтаулықтар мен қызылордалықтар, тараздықтар мен теміртаулықтар өз күштерін сынайды. Ал 1-турдың ақтық ойыны 20-қарашада «ВСМК Арселормиттал» мен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-3», «Қазхром-2» мен КИнЭУ» , «Қоркыт ата-ҚМУ» мен «Тараз-ТарМУ» арасындағы сайыспен аяқталатын болады.