«Алматиночка» волейболдан Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 1-турын сәтті бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматиночка» волейболдан Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 1-турын сәтті бастады

«Алматиночка» волейболдан Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 1-турын сәтті бастады

Оралда волейболдан Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 1-туры өтіп жатыр.

  • 14 Қараша 2011
  • 459
Фото - Caravan.kz


Кеше ол Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» пен Алматының «Алматиночка» командалары арасындағы ойынмен басталған болатын. Бұл сайыста 1:3 есебімен алматылық қыздар жеңіске жетті. Ал «Жетісу-2» (Алматы облысы) мен «Қостанай», «ҚазЭУ» (Алматы) мен «Спартак АМТ» (Теміртау), «Қазығұрт» (Шымкент) пен «Грация-KZ» (Орал), «ЦСКА ВКС» (Алматы) мен «Астана-2» (Астана) арасындағы кездесулерде 0:3 есебі тіркелді. Сондай-ақ «Қазхром» (Павлодар) мен «Қарағанды-2» арасындағы ойын 2:3 есебімен аяқталды. Бүгін өскемендіктер алматылықтармен («Алматиночка»), жетісулықтар қостанайлықтармен, тағы бір алматылық «ҚазЭУ» теміртаулықтармен, павлодарлықтар қарағандылықтармен, астаналықтар армияшылардың спорт клубымен (ЦСКА-ВКС), шымкенттіктер оралдықтармен өзара шеберлік байқасады. Жалпы айналым жүйесі бойынша өтетін ел чемпионатының 1-тур ойындары 18 қарашада аяқталады.