Семейде волейболдан Жоғары лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 1-туры өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде волейболдан Жоғары лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 1-туры өтеді

Семейде волейболдан Жоғары лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 1-туры өтеді

Семейде 22-29 қараша күндері волейболдан Жоғары лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 1-туры өтеді.

  • 14 Қараша 2011
  • 351
Фото - Caravan.kz

Оған «Динама-Қазығұрт» (Шымкент), «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2» (Өскемен), «Ұшқын-КазҰАУ» (Алматы), «Атырау-2» (Атырау), «Ертіс» (Павлодар облысы), «Есіл-Виктория» (Қызылжар), «Жайық-Конденсат» (Орал), «Семей» (Семей) волейболшылары қатысады. Айналым жүйесі бойынша 5 турға созылатын ел чемпионатында артта қалған команда Жоғары лиганың «Б» тобына түседі.

2011/2012 жылғы жаңа маусым Шымкент пен Өскемен қалаларының арасындағы ойынмен басталмақ. Одан кейін алматылықтар мен атыраулық, павлодарлықтар мен қызылжарлық, оралдықтар мен семейлік командалар жарысты одан ары қыздыратын болады.