«Ақтөбеде өткен жарыс қорытындысында Қазақстан құрама командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды», — деп айтылған ведомство баспасөз қызметінің хабарында.
Қорғаныс министрлігінің мәліметтерінше, жеңіске айтарлықтай үлес қосқан ҚР ҚМ спорт клубының спортшылары болыпты. Армияшылардың активінде бір алтын, бір қола медаль бар.
«49 кг салмақ категориясында мерзімдік қызметтің қатардағы жауынгері Әділет Қапезов 1-ші орын алып, былғары қолғап шебері атағын алды. 91 кг салмақ категориясына дейін мерзімдік қызметтің қатардағы жауынгері Нұрлан Масенов 3-ші орын алды», — делінген хабарда.
Биыл турнирге Әзербайжан, Армения, Беларусия, Ирак, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей және Украинаның командалары қатысты.