Оралда волейболдан Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 1-туры өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда волейболдан Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 1-туры өтіп жатыр

Оралда волейболдан Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 1-туры өтіп жатыр

Оралда волейболдан Жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 1-турына қатысып жатқан 12 команданың төртеуі жеңіліссіз келе жатыр.

  • 15 Қараша 2011
  • 389
Фото - Caravan.kz


Алғашқы 2 күннің қорытындысы бойынша Қостанайдың «Қостанай», Теміртаудың «Спартак АМТ», Қарағанды облысының «Қарағанды-2», Оралдың «Грация-KZ» волейболшылары жеңіліссіз келе жатыр. 13 қарашада Алматы облысының «Жетісу-2» мен Астананың «Астана-2» командасын ойсырата жеңген Алматының «ЦСКА ВКС» мен Павлодардың «Қазхромы» кеше жеңілістің ащы дәмін татты. Атап айтқанда алматылықтар астаналықтарға 0:3 есебімен ұтылса, павлодарлықтар қарағандылықтарға 2:3 есебімен есе жіберді. Ал қарсыластарынан ойсырай жеңілген Алматы облысының «Жетісу-2», Алматы қаласының «ҚазЭУ» және Шымкенттің «Қазығұрт» командаларының қоржынында бірде-бір ұпай жоқ.