Щучьеде 12-19 қараша аралығында баскетболдан «Үміт кубогі» чемпионатының 1-ші туры өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Щучьеде 12-19 қараша аралығында баскетболдан «Үміт кубогі» чемпионатының 1-ші туры өтеді

Щучьеде 12-19 қараша аралығында баскетболдан «Үміт кубогі» чемпионатының 1-ші туры өтеді

Ақмола облысының Щучье қаласындағы «Жақсы» спорт базасында 2011 жылдың 12-19 қараша аралығында баскетболдан Қазақстан Республикасының «Үміт кубогі» чемпионатының 1-ші туры өтеді.

  • 16 Қараша 2011
  • 592
Фото - Caravan.kz

2011-2012 жылдар маусымындағы жарыстарға жалпы еліміз бойынша 16 балалар үйі мен мектеп-интернатынан 160 жасөпірім қатысқалы отыр. Бұл туралы Халық банкінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Республикалық «Үміт кубогі» баскетбол турнирі Халық банкінің 2005 жылы қолға алған «Халықтық лига» деп аталатын ауқымды әлеуметтік жобасының бір бөлігі болып табылады. Оның шеңберінде банктің қамқорлығындағы 16 қазақстандық балалар мекемесі спорттық құрал-жабдықпен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ балалармен жұмыс істейтін жаттықтырушылар құрамы іріктеліп, оларға жалақы төленеді. Жобаға қатысушылардың барлығы оқу жылы барысында кәсіби жаттықтырушылардың басшылығымен жаттығып, баскетбол ойынының қыр-сырын игерген. Осы жаттығулардың нәтижесін анықтау мақсатында жыл сайын осы «Үміт кубогі» турнирі ұйымдастырылады.

Жарысқа қатысушы командалардың дайындық деңгейін ескере отырып, «Халықтық лига» жобасының жаттықтырушылар кеңесі 2011 жылдың мамырында банкке жарыстарды өткізу форматын қайта қарау және «Үміт кубогі» турнирін балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері арасында ресми түрде өткізілетін чемпионатқа айналдыру (жылына екі рет — көктемде және күзде) мүмкіндігін қарастыру жөнінде ұсыныс жасаған болатын.

Халық банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық баскетбол федерациясымен бірлесіп, аталған жарыстардың мәртебесін өзгерту және еліміздің Туризм және спорт министрлігі өткізетін бұқаралық спорттық іс-шаралар бойынша республикалық күнтізбелік кестеге енгізу мәселесін, сондай-ақ жарысқа қатысушыларға спорттық разрядтар беру мүмкіндігін шешу бойынша жұмыстар жүргізді.

2011 жылдың қазан айында турнирге Республикалық чемпионат мәртебесі берілді. Аталған жобаның басты мақсаты — қазақстандық жасөспірімдер мен өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау және банк қамқорлығындағы балалар мекемелеріндегі тәрбиеленушілерінің бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау. «Халықтық лига» жобасы қолға алынған жылдар ішінде оны жүзеге асыру үшін 108,2 миллион теңге сомасында қаржы жұмсалды. Тек биылғы жылдың өзінде жобаға 25 миллион теңге бөлінді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера