Астанада түркітілдес халықтардың өкілдері терминқорды қалыптастыру мәселесін зерделеп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада түркітілдес халықтардың өкілдері терминқорды қалыптастыру мәселесін зерделеп жатыр

Астанада түркітілдес халықтардың өкілдері терминқорды қалыптастыру мәселесін зерделеп жатыр

Бүгін Астанада ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитеті мен Түркия Республикасы Түрік Тіл комитеті және Түркия Ақпараттық технологиялар қоғамы бірлесіп ұйымдастырған

  • 17 Қараша 2011
  • 559
Фото - Caravan.kz

«Түркітілдес елдердің терминқор қалыптастыру тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады.

Аталған министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, конференцияны өткізудегі мақсат — әлем халықтарының туыстас тілдер арасындағы ынтымақтастық тәжірибесін негізге ала отырып, түркітілдес халықтардың ғылым саласындағы байланысын нығайту, өзара термин алмасу үдерісін дұрыс жолға қою және салалық, әсіресе, ақпараттық ғылым саласында ортақ терминдер қорын қалыптастыру мәселелерін ғылыми негіздеу тетіктерін анықтау болып табылады.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ш.Құрманбайұлы, Қырғыз Республикасының Президентіне қарасты Мемлекеттік тіл бойынша ұлттық комиссияның төрағасы Р.Момбеков, филология ғылымдарының докторы (Әзербайжан) А.Фатуллаев, «Мирас» Университеті Түркологиялық зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик (Өзбекстан) Б. Каримов баяндама жасады. Конференция жұмысы әрі қарай секциялық отырыстарда жалғасады.

Жалпы, түркітілдес елдердің терминқорын қалыптастыруға алғаш рет 1999 жылы талпыныс жасалып, Түркия ақпараттық технологиялар қоғамының қолдауымен арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. 2001 жылғы қазанда Ыстамбұлда түркітілдес елдер арасында ақпараттық технологиялар ынтымақтастығы мәселелері бойынша алғашқы форум ұйымдастырылды. Кейіннен алқалы жиын Әзербайжан, Түркіменстан, Қырғызстан мемлекеттерінде түрлі тақырыптармен жалғасын тапты. Енді міне, тоғызыншы форум аясында түркітанушылар Астана қаласында бас қосып отыр.

Конференцияның екінші күні түркі тілдеріндегі ақпараттық технология терминологиясына қатысты мәселелер сөз болады. Оған Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі С. Сәрсенов, Түркия Тіл комитетінің төрағасы Ш. Акалын қатысады

Перейти к новостям спорта