Волейболдан Жоғары лиганың «Б» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 1-турында хромтаулықтар жеңіліссіз келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан Жоғары лиганың «Б» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 1-турында хромтаулықтар жеңіліссіз келе жатыр

Волейболдан Жоғары лиганың «Б» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 1-турында хромтаулықтар жеңіліссіз келе жатыр

Волейболдан Тараз мемлекеттік университетінің спорт кешенінде өтіп жатқан Жоғары лиганың «Б» тобындағы ерлер командалары арасында

  • 17 Қараша 2011
  • 401
Фото - Caravan.kz

«Қазхром-2» командасы көш бастап келе жатыр.

Хромтаулықтар алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша жеңіліссіз келе жатқан жалғыз команда болып отыр. Олар Теміртаудың «ВСМК-Металлург» пен Қызылорданың «Қорқыт Ата ҚМУ» волейболшыларын 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Бүгін олар енді Қостанайдың «КИнЭУ» мен жарыс қожайындарының «Тараз-ТарМУ» командасына дәл осындай есеппен есе жіберген өскемендіктермен («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-3») кездеседі. Ал 19-ы тараздықтармен, 20-сы қостанайлықтар шеберлік сынасады. Бұған дейін тараздықтар теміртаулықтарға 2:3, ал қостанайлықтар қызылордалықтарға 1:3 есебімен ұтылып қалған еді.