Астанада бразилиялық киноның VI фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бразилиялық киноның VI фестивалі өтеді

Астанада бразилиялық киноның VI фестивалі өтеді

24-27 қараша күндері Астанада бразилиялық киноның VI фестивалі өтеді.

  • 22 Қараша 2011
  • 527
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасындағы Бразилия елшілігінің ресми сайтында хабарланғандай, көрермендердің назарына 2000-2007 жылдары жарық көрген 4 кино ұсынылады: «Лисбела және қылмыскер», «Босса Нова», «Нельсон Фрейре» және «Менің есімім Джонни емес».

«Лисбела және қылмыскер» романтикалық фильмдерді сүйетін қыз бен жалдамалы жанкешті іздестіріп жүрген алаяқтың оқиғасы туралы баяндайды.

«Босса Нова» — Рио-де-Жанейрода кездесіп, осында қош атйсатын адамдар туралы — романтикалық комедия.

«Нельсон Фрейре» — халықаралық БАҚ Сергей Рахманинов, Альфред Корт, Артур Рубенштейнмен салыстырған, фортепианоның аңызы деп атаған белгілі пианисттің өмірі туралы — деректі фильм.

«Менің есімім Джонни емес» картинасы ата-анасының сүйіктісі, әп-сәтте нашақорға айналып, түрмеге түскен жеткіншектің өмірі туралы баяндайды.

Фильмдер күн сайын, сағат 19.30-да «Сары-Арқа» ОСО-ның Кинопаркінде көрсетіледі. Кіру — тегін.

Перейти к новостям спорта