Минскінің «Динамосы» астаналық «Барыс» командасын айқын басымдықпен ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Минскінің «Динамосы» астаналық «Барыс» командасын айқын басымдықпен ұтты

Минскінің «Динамосы» астаналық «Барыс» командасын айқын басымдықпен ұтты

Кеше кешкісін Құрлықтық хоккей лигасы аясында Астанада өткен ойында елордалық «Барысты» Минскінің «Динамо» командасы айқын басымдықпен ұтты.

  • 23 Қараша 2011
  • 392
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, ойынның бірінші кезеңінде қонақтар астаналықтардың қақпасына 3 бірдей шайбаны қатарынан салды. Ал өз кезегінде осы тартысты доданың бірінші кезеңінде «Барыс» хоккейшілері бір ғана шайбаны салып, есе қайтара алды. Осыдан кейінгі екі кезең ішінде астаналық команда қаншалықты шабуыл жасап тырысқанымен, тек бір ғана шайбаны салуға қауқарлы болды. Минск хоккейшілері болса есепті еселеп, кешегі ойынды 2:6 есебімен өз пайдасына ұтты.

Енді 26 қарашадан бастап «Барыс» келесі ойындарын сырт алаңда өткізеді. Онда елордалық команда «Спартак», «Северсталь» және «Витязь» хоккейшілерімен кездеседі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера