Студенттермен бірге осы қойылымды әзірлеген жас әртістерді қазақ — музыкалық драма театрының әртісі Доскен Елубай сахнаға алып шықты. Әуесқой әртістердің кәсіби шеберлігіндегі кем тұстарды ынта, шабыт және олардың сезімге берілгештік қасиеттері толықтырды. Студенттердің ұлттық биі мен әдемі әуезді әуені қойлымды одан әрі жандандыра түсті.