Жоғары лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 1-турында шымкентік волейболшылар жеңіліссіз келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғары лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 1-турында шымкентік волейболшылар жеңіліссіз келе жатыр

Жоғары лиганың «А» тобындағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 1-турында шымкентік волейболшылар жеңіліссіз келе жатыр

Семейде волейболдан Жоғары лиганың «А» тобындағы ерлер арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 1-турында шымкенттіктің «Динамо-Қазығұрт» командасы алғашқы 2 күннің қорытындысы бойынша көш бастап келе жатыр.

  • 24 Қараша 2011
  • 463
Фото - Caravan.kz


Олар оралдықтарды («Жайық-Конденсат») 3:0, өскемендіктерді («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2») 3:1 есебімен ұтты. Бүгін шымкенттіктер енді Алматының «Ұшқын-ҚазҰАУ» командасымен кездесуде. Алматылықтар кеше атыраулықтарға («Атырау-2») 2:3, арғы күні жарыс қожайындарына («Семей») 0:3 есебімен есе жіберген болатын. Ал шымкенттіктерді өкшелеп келе жатқан Павлодар облысының «Ертісі» атыраулықтарды ойсырата ұтқанымен (3:0), Қызылжардың «Есіл-Викториясымен» 2:3 есебімен ұпай бөлісті. Олар енді бүгін семейліктермен күш сынасатын болады. Жалпы айналым жүйесі бойынша өтетін ел чемпионатының 1-туры 29 қараша күні аяқталады. 5 турға созылатын бұл дүбірлі додада турнир кестесінде соңғы орын алған команда Жоғары лиганың «Б» тобына түседі.