«Барыс» Мәскеуде жергілікті «Спартак» хоккей клубын 4:2 есебімен ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Барыс» Мәскеуде жергілікті «Спартак» хоккей клубын 4:2 есебімен ұтты

«Барыс» Мәскеуде жергілікті «Спартак» хоккей клубын 4:2 есебімен ұтты

Астаналық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы чемпионаты аясында өткен кездесуде Мәскеу қаласында жергілікті «Спартак» командасын 4:2 есебімен ойсырата жеңді.

  • 28 Қараша 2011
  • 500
Фото - Caravan.kz

Ойында алғашқы болып қазақстандық клубтың сапынан қорғаушы Юнас Юнланд есеп ашты. Бірінші айналымның соңында «Барыс» хоккейшілері 0:2 есебімен алға шықты, шайбаны қарсыластар қақпасына Вадим Краснослободцев тоғытты. Матчтың 29-минутында астаналық шабуылшы Лукаш Кашпар мәскеуліктер қақпасына 3-шайбаны салып, есептегі басымдықтарын тағы бір еселетті.

Үшінші таймның орта тұсында «Спартак» ойыны біршама жандана түсіп, бір минуттың ішінде астаналықтардың қақпасына (6 және 47 минуттарда) қатарынан екі гол салынады, есеп — 2:3. Кездесу аяқталуға жақын қалғанда қарсыластар мұз айдынға қақпашының орнына алтыншы ойыншыны шығарады. Бұл сәтті Лукаш Кашпар пайдаланып, қараусыз қалған қақпаға кезекті жеңіс шайбасын салды. Таблодағы қорытынды есеп — 2:4.

Матч Мәскеу қаласында, 26 қараша күні кешке «Сокольники» спорт сарайында өтті.