Екіжақты кездесулер барсында, Консерватория ректоры тәуелсіз Қазақстанның 20 жыл ішіндегі мәдени дамуы туралы баяндап, Үкіметіміздің мәдениет пен музыканың дамуына ерекше көңіл бөлуі туралы мәлімдеді. Аталған шараларда қатысқан Қазақстан Республикасының Иорданиядағы Елшісі Болат Сәрсенбаев өз тарабынан Қазақстан мен Иордания арасындағы екіжақты көптеген салаларымыздағы даму арақатынасы туралы ақпарат жеткізді.
Осыған қоса, тараптар достас халықтар арасындағы білім, мәдениет және өнер салалары бойынша тығыз қарым-қатынастар орнату мәселесін талқылап, екі жоғары оқу орындары арасындағы байланыстар орнату мақсатында өзара түсіністік және ынтымақтастық меморандумына қол қойды.