БҚО-да «Назиб Жиганов: балаларға махаббатпен» музыкалық жобасы жүзеге асырылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО-да «Назиб Жиганов: балаларға махаббатпен» музыкалық жобасы жүзеге асырылуда

БҚО-да «Назиб Жиганов: балаларға махаббатпен» музыкалық жобасы жүзеге асырылуда

Батыс Қазақстан облысында «Назиб Жиганов: балаларға махаббатпен» музыкалық жобасы жүзеге асырылуда.

  • 6 Желтоқсан 2011
  • 437
Фото - Caravan.kz


«Назиб Жигановтың халықаралық шоқжұлдызы» жеке қорының жетекшісі Светлана Тенишеваның айтуынша, облыс аудандарындағы музыка мектептерінде білім алатын оқушылар арасында дарындылар аз емес. Тек оларды уақытында байқап, қабілеттерін дамыта білу керек. Осы мақсатта жоба шарасына алғашқы болып Зеленов ауданындағы №1 музыка мектебі қатысты. Концерттік бағдарламаға қазақ және татар ұлттық классикалық туындылары енгізілді. Назиб Жигановпен қатар «Абай» операсының авторлары Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің, Қапан Мусиннің әндеріне кезек берілді. Концертте сондай-ақ Нұргүл Батырғалиева, Зәмзагүл Ғаббасова, концертмейстер Надежда Глазованың жетекшілік етуімен Құрманғазының күйлері де орындалды.

Перейти к новостям спорта