Қазақстандық «Риэлтор» фильмі VIII халықаралық Дубай кинофестиваліне қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық «Риэлтор» фильмі VIII халықаралық Дубай кинофестиваліне қатысуда

Қазақстандық «Риэлтор» фильмі VIII халықаралық Дубай кинофестиваліне қатысуда

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Риэлтор» атты кинофильмі 7 желтоқсанда ашылған VIII халықаралық Дубай кинофестиваліне қатысуда,

  • 9 Желтоқсан 2011
  • 457
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының ресми сайты.

Аталмыш фестиваль Таяу Шығыс-Азия-Африка аймағында ең ірі халықаралық кинобайқау болып есептелінеді. Ол 2004 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылып келеді және аймақтағы киноиндустрия майталмандарының халықаралық платформасы ретінде қалыптасып үлгерді.

Биыл Дубай фестиваліне Том Круз, Саймон Пегг, Анил Капур, Пола Патон сынды әлемге танымал Голливуд жұлдыздары келеді деп күтілуде.

Еске сала кетейік, Дубай кинофестиваліне Ә. Ержановтың «Бақытжамал» атты қысқаметражды фильмі 2008 жылы қатысқан болатын.

Ал оның «Риэлтор» туындысы биыл Ресейде өткен «Киношок-2011» және «Дебоширфильм — Чистые грезы-XIV» кинобайқауларында қазылардың арнайы жүлделеріне ие болған. Сонымен қатар «Еуразия» кинофестиваліне де қатысты.

Перейти к новостям спорта