Жаңартылған театрды павлодарлық әртістер «Үміт жарығы» спектаклімен ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңартылған театрды павлодарлық әртістер «Үміт жарығы» спектаклімен ашты

Жаңартылған театрды павлодарлық әртістер «Үміт жарығы» спектаклімен ашты

Павлодар қаласында күрделі жөндеуден өткен А.Чехов атындағы облыстық драма театры ашылды.

  • 12 Желтоқсан 2011
  • 695
Фото - Caravan.kz

Адам Қарасайдың пьесасы бойынша «Үміт жарығы» спектаклінің алғашқы қойылымын павлодарлық труппа республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнады.

Актерлер мен көрермендерді Республика Тәуелсіздігі Күнімен құттықтай отырып, аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев өткен 20 жылдағы елдің және облыстың экономика, әлеуметтік өмір және мәдениетіндегі жетістіктерін атап өтті. «Соңғы жылдар ішінде облыстың қалалары мен ауылдарында 265 кітапхана, Мәдениет үйлері мен клубтар жөндеуден өтті. Қазақ музыка-драма театры, Қазақстан халықтары Ассамблеясының «Достық» концерт залы жаңартылып, әскери даңқ мұражайы салынды және облыстық тарих-өлкетану мұражайы күрделі жөндеуден өтті», деді аймақ басшысы..

Әкім облыстық театрдың шығармашылық ұжыммен келісілген нобайлар бойынша жаңартылғанын, көрермендер мен актерлер үшін жайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті.

Бұл күні Адам Қарасайдың «Үміт жарығы» философиялық аңыз-әңгімесі ерекше, көтеріңкі көңіл-күймен қойылды. Шығарма қазақ халқының жоңғарлармен күрес жылдары — адамдардың бостандыққа ұмтылуы туралы баяндайды. Ол қазіргі ұрпақты ерлік дәстүрлеріне баулиды, шығарма тақырыбы бүгінгі күні де өзекті.

Қойылым режиссері Олег Белов — Ресейден, ал рөлдерде — театрдың жетекші әртістері ойнады. Алғашқы көрсетілім үлкен табыспен өтті.

Перейти к новостям спорта