«Мәдени мұра» бағдарламасы ұлт мәдениетін дамытуға үлкен серпін берді - М.Құл-Мұхаммед - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мәдени мұра» бағдарламасы ұлт мәдениетін дамытуға үлкен серпін берді - М.Құл-Мұхаммед

«Мәдени мұра» бағдарламасы ұлт мәдениетін дамытуға үлкен серпін берді - М.Құл-Мұхаммед

«Мәдени мұра» бағдарламасы ұлт мәдениетін дамытуға сөз жоқ үлкен серпін берді»,- деді бүгін Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед

  • 12 Желтоқсан 2011
  • 989
Фото - Caravan.kz

Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өткен «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің кеңейтілген қорытынды отырысында.

Оның сөзінше, «Мәдени мұра» бағдарламасы мәдениеттің қай саласында болмасын тамаша көрініс тауып нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. «Мәдени мұра» бағдарламасы ЮНЭСКО-ның штаб-пәтерінде арнайы көрсетіліп, көптеген елдердің тап осындай бағдарлама жасауына мұрындық болып, үлкен өнеге ретінде ұсынылды. «Соның нәтижесінде ЮНЭСКО-ның арнайы сайтындағы дүниелерден алынып, біздің «Мәдени мұра» бағдарламасына сілтеме жасалынып жүргендігін көруге болады»,-деді министр.

Оның деректеріне қарағанда, «Мәдени мұра» бағдарламасының асясында 105 тарихи-мәдени ескерткіштерге жаңғырту жұмыстары жүргізілді. «Осы ретте айта кететін мәселе, осы ескерткіштердің көпшілігі қирап-бітуге айналған болатын. «Мәдени мұра» бағдарламасы болмағанда біз осы нысандардың көбісінің қандай болғандығын білмеуіміз де мүмкін еді»,-деді М.Құл-Мұхаммед.
«Мәдени мұра» бағдарламасының аясында ұлттық тарихи мұраны шетелде насихаттауға мүмкіндік туды және шет мемлекеттерден қазақ тарихына қатысты мұраларды жинауда көп жұмыстар атқарылды»,-

деді бүгін Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өткен «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің кеңейтілген қорытынды отырысында Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті.

«Біз осы уақытқа дейін тарихымызды негізінен орыс мұрағаттарындағы қазаққа қатысты деректер негізінде дамытып келсек, осы «Мәдени мұраның» арқасында Қытай, Иран, араб мемлекеттеріндегі, ағылшын, неміс, француз, итальян тілінде сақталған қазақ деректеріне қатысты мұрағаттардың 5 мыңнан астамы Қазақстанға алдырылып, ұлттық мұрағатқа толықтыру ретінде енгізілді»,-деді министр.

Сондай-ақ «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында Қазақстанның тарихы, этнографиясы, мәдениеті жөніндегі деректердің барлығы жүйеленіп, зерттеліп, ғылыми айналымға қосылды. Сонымен қатар ұлы дәстүрлі музыканттардың дауыстары жазылған таспаларды қалпына келтіру жұмысы жүзеге асты.

Перейти к новостям спорта