К. Мәсімовтың Facebook парақшасында хабарланғандай, «Қазақтың жүз әні» жобасы — бұл соңғы бірнеше онжылдықтағы Қазақстанның ән мұрасын жүйелендіруге жасалған үлкен талпыныс. Жоба аясында қазақтың ең үздік 100 әні жиналған. Жоба елдің мәдени мұрасын насихаттау мен қолдауға бағытталған.
«Қазақстан» телеарнасында ән жобасын құру идеясын Республикамыздың Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов айтқан болатын. Апта сайын телеарнада «Қазақтың жүз әні» жобасы жарыққа шығып, көрермендер SMS-дауыс беру арқылы ең танымал әндерді таңдады.
Әуен, әндердің мәтіндері мен орындаушылардың бейнежазбасын http://100.pm.kz/ онлайн-режимінде көре аласыздар.