Оралда Астанаға арналған жыр мүшәйрасы өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда Астанаға арналған жыр мүшәйрасы өткізілді

Оралда Астанаға арналған жыр мүшәйрасы өткізілді

М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған «Елімнің мақтан тұтар Астанасы» тақырыбында жас ақындар мүшәйрасы өтті.

  • 13 Желтоқсан 2011
  • 994
Фото - Caravan.kz

Университеттің баспасөз хатшысы Рита Сүлтанғалиеваның хабарлағанындай, жыр байқауының мақсаты — Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне орай еліміздің бас қаласы — Астана қаласын дәріптеу, ұлттық рухты, патриоттық сезімді насихаттау. Қазақ халқының асыл мұрасы — сөз өнерін дамыту мақсатында қазақтың ақындық өнері мен жас ақындардың шеберліктерін арттыру.

Жыр бәйгесіне қатысушылар байқау алдында еркін тақырыпта және Астана туралы өлеңдерін тапсырды.

Ақұштап Бақтыгереева атындағы ақындар мектебі дәрісханасында өткен жыр бәйгесінің қатысушылары, атап айтқанда БҚМУ студенті Айдана Сұлтанмахмұт, Жәнібек Берікұлы (БҚАТУ студенті), Бауыржан Зейнешов (БҚГА) «Жайық Пресс» ЖШС тағайындаған Қайрат Жұмағалиев атындағы ынталандыру сыйлығына ие болды. Кеш қорытындысында жүлдегерлер анықталып, М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың филология факультетінің студенті Азамат Базарбаев — бірінші, БҚГА студенті Алтынбек Ермекқалиев — екінші, БҚМУ студенті Жадыра Ерманова үшінші орынды иеленді.

Перейти к новостям спорта