деп хабарлады ұйымдастырушылар.
«14 желтоқсан күні «Шабыт» шығармашылық сарайында «Сенің армандаған ордаң» атты мюзиклдің премьерасына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Жоба авторы — ҚР халық әртісі Айман Мұсақожаева, сценарий авторы — профессор Г.Үкетайқызы, музыка авторы — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Серік Еркімбеков. Қоюшы режиссерлары — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбаев пен Бекболат Құрманғожаев», — делінген хабарламада.
Мюзиклдің премьерасына мемлекеттік органдардың, елшіліктердің, ұлттық компаниялардың өкілдері, елімізге танымал әртістер мен музыканттар және шетелдік қонақтар қатысады.