Астаналық студенттер елдің 20 жылдағы жетістіктері мен тарихи оқиғаларын ән, би, театрлық қойылымдар арқылы көрсетпек - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық студенттер елдің 20 жылдағы жетістіктері мен тарихи оқиғаларын ән, би, театрлық қойылымдар арқылы көрсетпек

Астаналық студенттер елдің 20 жылдағы жетістіктері мен тарихи оқиғаларын ән, би, театрлық қойылымдар арқылы көрсетпек

Астаналық студенттер Қазақстанның 20 жылда жеткен жетістіктері мен тарихи оқиғаларын ән, би, театрлық қойылымдар арқылы баяндамақ.

  • 13 Желтоқсан 2011
  • 1091
Фото - Caravan.kz

Ертең, 14 желтоқсан күні Конгресс-Холл сарайында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақстан тәуелсіздік жолында» атты театрландырылған әдеби-музыкалық кеш өткізеді. Кеш барысында университеттің талантты студенттері еліміздің 20 жылда қол жеткізген табыстарын, басынан өткізген тарихи кезеңдерді ән, би, театр өнері арқылы көрсетеді.

Мәселен, Желтоқсан оқиғасына арналып — «Желтоқсан құрбандары», Семей полигонына — «Заман-ай», алғашқы қазақ ғарышкеріне — «Құс жолы», шет елдердегі қандастарымыздың оралуына — «Атамекен», Азияда ойындарына — «Жұлдызым» және өзге де тақырыптарға арналған қойылымдар сахналанады.

Перейти к новостям спорта