қазақстандық эстрада жұлдыздарымен бірге «Бейбітшілік пен жасампаздыққа 20 жыл» деген атпен мұз айдыны мерекелік гала-шоуын ұсынды.
Еліміздің басты мерекесін әртістер бірігіп өткізуді ұйғарды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған акцияны екі ел әртістері көптеген жылдар бойы Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының тұрақты, әрі қарқынды дамуының және екі ел арасындағы тұрақтылықтың өзара сенім мен айқындыққа тән әріптестік қарым-қатынаста орнауының көрінісі ретінде ұсынды.
Тұңғыш рет әлемге белгілі ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар қазақстандық өнер жұлдыздарының әні мен музыкасына билеп өнер көрсетті. Атап айтқанда, Роза Рымбаеваның, «Ұлытау» тобының, Асылбек Еңсеповтың, Жамиля Серкебаеваның және «Арнау» тобы әншілерінің әуендеріне биледі.
Концертте алматылықтар мен қала қонақтары Әлем және Еуропа чемпионы Илья Авербухтың жетекшілігіндегі «Мұз және жалын» жобасының әртістері — Ресейдің ең мықты деген мәнерлеп сырғанаушылары мен өнер жұлдыздары өнерін ыстық ықыласпен тамашалады. Атап айтқанда, концертте олимпиада чемпиондары Алексей Ягудин, Татьяна Навка, Роман Костомаров, Татьяна Тотмянина, Максим Маринин, Әлем және Еуропа чемпионаттарының жүлдегерлері Маргарита Дробязко, Повилас Ванагас, Әлем және Еуропа чемпиондары Мария Петрова, Алексей Тихонов, екі дүркін әлем чемпионы Максим Ставиский, кәсіпқойлар арасында Әлем чемпиондары Елена Леонова, Андрей Хвалько, Ресейдің чемпионы Евгений Кузнецов, мұз акробатикасының Әлем чемпиондары Владимир Беседин, Алексей Полищук және өнер жұлдыздары Анна Семенович пен Сати Казанова өнер көрсетті.
Аталмыш мерекелік шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және «КазРосГаз» компаниясы мен «Ұлағатты жанұя» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.