Алматыда Роза Әлқожаның ән кеші өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Роза Әлқожаның ән кеші өтеді

Алматыда Роза Әлқожаның ән кеші өтеді

Бүгін Алматыдағы Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында ақын, әнші, сазгер Роза Әлқожаның " Мен сыйға тартқан орамал" деп аталатын ән кеші болады.

  • 15 Желтоқсан 2011
  • 1142
Фото - Caravan.kz

Оған Розаның әндерін нақышына келтіріп орындап жүрген Алтынай Жорабаева, Баян Нұрмышева, Өмірқұл Аниязов және тағы басқа да көптеген өнер шеберлері қатыспақ. Кешті айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов пен журналист Әсел Ергешқызы жүргізеді.

Мектеп қабырғасында жүріп ән шығара бастаған Р. Әлқожаның қырыққа жуық әні бар. Оның Ажар Түзелбекқызының орындауындағы «Сағындым сені» (сөзі Исраил Сапарбай), «Бақыттымын» және Баян Нұрмышева айтатын «Жібектің елі», Еркін Нұржановтың репертуарындағы «Қаңтарда жауған жаңбыр» (сөзі Жарас Сәрсек), Ақбота Керімбекова шырқайтын «Орындалмас тілегім», Ләззат Жоламанова әуелеткен «Сағынғаным болмаса» (сөзі Есенқұл Жақыпбеков) сияқты әндері тыңдарманның ыстық ықыласына бөленуде.

Розаны әнші ретінде жалпы жұртқа танытуға «Мен сыйға тартқан орамал» (сөзі Гүлнәр Салықбаева), «Ол көктем оралмайды» (сөзі Қасымхан Бегманов), «Сыған қызы» (сөзі Исраил Сапарбай), «Жылатқаның неткенің (сөзі мен әні Ақмарал Леубаева), «Қара күз (сөзі мен әні Есенқұл Жақыпбеков) өз ықпалын тигізді. Оның «Мен сыйға тартқан орамал» деп аталатын алашқы альбомы 2008 жылы жарық көрген болатын. 2010 жылы «Мына өмір ғажап қандай» деп аталатын жаңа альбомының тұсаукесерін жасады.

Перейти к новостям спорта