«Қарағандылық симфониялық оркестр гастрольмен Испанияға аттанды. Шетелдік турнеде ұжым украиналық дирижер Айдар Торыбаевтың жетекшілігімен өнер көрсетеді», — деп хабарлайды сейсенбі күні мәдениет басқармасы.
Қазақстандық музыканттар Испания жұртшылығына рождестволық концерттер қояды. Бағдарлама негізінен Штраустың туындыларынан құралған.
Алғашқы концерт Таррагона қаласында өтеді. «6 қаңтарға дейін оркестр Испанияның жеті қаласында концерт қояды», — деп хабарлады облыстық мәдениет басқармасы.
Бұл қарағандылық симфониялық оркестрдің Испанияға алғашқы сапары емес. Музыканттар бұл елге осыдан 4 жыл бұрын барған. Оркестр Франция мен Германия елдерінде де нер көрсеткен.