«АЛЖИР» мемориалдымұражай кешенінде «Азаттықтың азапты жолы» атты көрменің және үш тілдегі «ALASH - ALZHIR» кітабының тұсаукесері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«АЛЖИР» мемориалдымұражай кешенінде «Азаттықтың азапты жолы» атты көрменің және үш тілдегі «ALASH - ALZHIR» кітабының тұсаукесері өтеді

«АЛЖИР» мемориалдымұражай кешенінде «Азаттықтың азапты жолы» атты көрменің және үш тілдегі «ALASH - ALZHIR» кітабының тұсаукесері өтеді

25 қаңтар күні Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешенінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Азаттықтың азапты жолы» атты көрменің және «37 жыл. Ерте солған гүлдер» бейнебаянының, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі «ALASH - ALZHIR» екі томдық кітабының тұсаукесерлері өтеді.

  • 20 Қаңтар 2012
  • 656
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ шара барысында «АЛЖИР» мұражайының дербес сайты таныстырылмақ.

Мұражайдың іс-шаралары Тәуелсіздіктің мерейлі мерекесіне тарту ретінде әзірленген «Азаттықтың азапты жолы» атты көрмені ашумен басталады. Енді мұражайға келген жұртшылық «Ашаршылық азасы», «Атом тозағы», «Тіл мен дәстүр мазағы» және «Қуғын-сүргін қасіреті», «Ауған қайғысы», «Арал апаты» бөлімдерінің материалдарымен танысу барысында қайсар халқымыздың азаттыққа дейінгі азапты жолының куәсі болады.

Осынау тақырыптардың алтын арқауы — Тәуелсіздік десек, басқа түскен азаптан елді құтқарған егемендік тақырыбы «Ата-баба арманы» бөлімінде көрініс тапқан.

Келушілер назарына, сондай-ақ «37 жыл. Ерте солған гүлдер» әніне түсірілген бейнебаян мен мұражай қызметкерлерінің күшімен әзірленген «ALASH — ALZHIR» екі томдық кітап ұсынылады.

Күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін есігін келушілерге айқара ашқан мұражайдың жаңа жәдігерлері, атап айтқанда, түрмеде отырған суретші әйелдер салған жұмыстар да көпшіліктің қызығушылығын туғызады.

Тұсаукесер шараға Астана қалалық мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұлов, белгілі алаштанушы, жазушы Тұрсын Жұртбай, қоғам қайраткері, белгілі қаламгер Жарасбай Сүлейменов, филология ғылымдарының докторы Амантай Шәріп және «37 жыл. Ерте солған гүлдер» әнінің авторы Ерсайын Нарымбаев, осы әннің сөзін жазған ақын, марқұм Нұрқан Жарасқанның жары Қазина Нұрқанова және ашаршылық пен қуғын-cүргіндер тақырыбын зерттеп жүрген басқа да ғалымдар мен қаламгерлер қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Перейти к новостям спорта