Қадыр қазақтың өлең дүниесіне, поэзия әлеміне құбылыс боп кірген ақын - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қадыр қазақтың өлең дүниесіне, поэзия әлеміне құбылыс боп кірген ақын

Қадыр қазақтың өлең дүниесіне, поэзия әлеміне құбылыс боп кірген ақын

Кеше Алматыда Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Қадыр Мыза Әліні еске алуға арналған «Қазақтың дана - Қадыры» деп аталатын әдеби-сазды кеш өтті.

  • 24 Қаңтар 2012
  • 548
Фото - Caravan.kz

«Қадыр ақын 20-ғасырдың бүкіл аласапыран оқиғаларын көрген, қиындықтарын бастан өткізген, ұлтын тәрбиелеген халықтың біртуар перзенті, ұлы ақыны. Қадыр ақынның рухы, жаны қазақтың ұлан байтақ аспанында мәңгі жасайды. Соның ең алғашқы белгісі бүгін Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында өтіп жатқан кеш деп бағалаумыз керек», — дейді Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қоры ұйымдастырған бұл шара ақынның дүниеден өткеніне 1 жыл толуына орайластырылды. «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының директоры Донеділ Қажымовтың айтуынша, олар аз уақыттың ішінде ақынды ұлықтауға арналған бірқатар іс-шараға ұйытқы болған. Атап айтқанда Қадыр Мырза өз көзімен көре алмай кеткен 18 томдық шығармалар жинағы жарық көріп, афоризмдері кітап боп басылып шыққан. 200-ден астам әнге мәтін жазған ақынның әнін орындаушылардың жеке үнтаспасы шығарылып, Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облысында арнайы көрмелер ұйымдастырылған. Еске алу кешінде ақынның өлеңдері оқылып, өнер жұлдыздарының орындауында бірқатар әндері орындалды.

Перейти к новостям спорта