Ақмола облысында «Ғашық жүрек-2» кинофильмін заңсыз пайдалану фактісі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында «Ғашық жүрек-2» кинофильмін заңсыз пайдалану фактісі анықталды

Ақмола облысында «Ғашық жүрек-2» кинофильмін заңсыз пайдалану фактісі анықталды

«Ғашық жүрек - 2 немесе Жұлдыз үшін коктейль -2» кинофильмінің дыбыс-бейне түрін заңсыз таратуға жол бермеу бойынша «Shine Stars Production» ЖШС-ның бас продюсері Баян Есентаеваның жасаған өтініміне сәйкес, Ақмола облысының ІІД және Әділет департаментінің қызметкерлері бірлесіп, аталған кино өнімін заңсыз пайдаланудың жолын кесу мақсатында тексеру шараларын жүргізді, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 26 Қаңтар 2012
  • 519
Фото - Caravan.kz

Осының нәтижесінде, жақында Көкшетау қаласының орталық нарығы аумағында контрафактілік белгілері бар «Ғашық жүрек — 2» фильмінің DVD-дискілерін сату фактісі бойынша азаматты анықтады. Сауда орнын тексеру барысында ІІД қызметкерлері жалпы сомасы 138 мың теңгені құрайтын 347 дана DVD-дискіні тәркіледі.

Аталған факті бойынша құқық қорғау органдары қосымша тергеу шараларын жүргізуде.

Перейти к новостям спорта