Экспозицияға белгілі қазақстандық фотошеберлердің балалардың жымиған сәтін түсірген 30-дан астам суреті қойылған.
Олардың ішінде көрменің басты қонақтары — облыс орталығындағы интернат үйлері мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері де бейнеленген.
Олар үшін көңілді ойындар, сұрақ-жауап және клоундардың қатысуымен конкурстар ұйымдастырылды.
«Балаларға күлкі сыйла!» акциясын ұйымдастырушылар әр адамның өміріндегі басты құндылық — сүйіспеншілік, адамгершілік, ізгілік екенін ұқтырды.
Көрмені ұйымдастырушылар балалар үйлеріне авторлық суреттерін сыйға тартты.