Алматыда жас қылқалам шебері Құралай Үмбетованың алғашқы жеке көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жас қылқалам шебері Құралай Үмбетованың алғашқы жеке көрмесі ашылды

Алматыда жас қылқалам шебері Құралай Үмбетованың алғашқы жеке көрмесі ашылды

Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті қорының көрме залында Елбасы Қорының қаржылай қолдауымен республикаға танымал талантты жас суретші Құралай Үмбетованың

  • 14 Ақпан 2012
  • 551
Фото - Caravan.kz

«Мың бір түс» атты алғашқы жеке көрмесі ашылды.

Көрмеге суретшінің он жылдан астам уақыт кезеңі аралығында дүниеге келген қайталанбас, бірегей туындылары қойылған.

Жас қылқалам шебері Құралай Үмбетова жастығына қарамастан республикалық жастар көрмелері мен байқауларының белсенді қатысушысы, жас суретшілердің халықаралық «Жігер» фестивалінің лауреаты, «Тыныштық» көркем шығармасы үшін «Шабыт» сыйлығының иегері болып үлгерген.

«Символизмдік ойлау Құралай Үмбетованың алғашқы жұмыстарынан-ақ байқалады, әйтсе де оның сурет салу стилі сюрреализмдік үлгі түріне жақын. Көрменің атауы автордың шынайы әлемді көп өлшемді және бір мағыналы етіп көрмейтінін, көңіл-күйдің әрдайым құбылмалылығын, адамның ішкі жағдайын көрсетуге ұмтылысын байқатады. Ол көбінесе тіршілік тәжірибесін алмастыратын интуицияға сүйенеді, сурет өнерінің техникаларымен, пластика үлгілерімен тәжірибе жасауға ынталанады, шығармашылықтағы жаңашылдық әсемдігіне үңіле назар аударады. Ең бастысы шебердің шығармашылығынан «өсу кезеңі», осы жолдағы рухани самғау байқалады»,-деп атап өтті өнертанушылар көрменің ашылу салтанатында.

Көрме жұмысы 24 ақпанға дейін жалғасады.

Перейти к новостям спорта