«2012 жылдың 24-26 ақпан күндері алматылық «Цезарь» кинотеатрында жапондық киноның дәстүрлі фестивалі өтеді», делінген сейсенбіде жапон елшілігінен таралған хабарламада.
Фестивальдің ұйымдастырушылары Жапония елшілігі және Олег Борецкийдің киноклубы, «Цезарь» кинотеатры қолдау көрсетуде.
«12-ші фестиваль барысында Жапонияның 5 фильмі көрсетілмек, онда жапондықтардың өнері, мәдениеті, тілі мен тұрмыс-тірлігі қамтылған», делінген ақпаратта.