Аталмыш шара Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Сен және сенің құқықтарың» атты республикалық онкүндігіне орай өткізілді.
Галерея залдарының бірінде Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Қаратал, Көксу, Талғар аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары оқушыларының 40 үздік жұмысы қойылды.
Байқауға барлығы жүзден астам фотосурет келіп түсті. Қазылар алқасы бес үздік жұмысты таңдады. Жүлдегерлер грамоталармен, көтермелеу сыйлықтарымен марапатталды.
Бұл күні зал жас фотосуретшілердің жұмыстарын көрем деушілерге толы болды. Бұл жерде үздік жұмыстар авторларының өздері де болды: олар — Данаел Сағидолла, Диас Әбдірахманов, Серік Нұралы, Абылай Құрманбаев және Тамара Локтионова.
Балалардың құқықтарын қорғау бойынша облыстық департаменттің директоры Гүлнәр Ермекбаеваның айтуынша, бұл байқау шығармашылық дарынды балаларды анықтады. «Бүгінгі көрме олардың арасында оң байланыс орнатты. Балалар шығармашылық жетістіктерімен, білімдерімен және тәжірибелерімен алмасты», — деп атап өтті ол.