Арманым - «Ромео мен Джулетте» қойылымында Ромеоы сомдау - Таиыр Гатауов - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арманым - «Ромео мен Джулетте» қойылымында Ромеоы сомдау - Таиыр Гатауов

Арманым - «Ромео мен Джулетте» қойылымында Ромеоы сомдау - Таиыр Гатауов

Қазақстанда балет өнері қарқынды дамып келе жатыр. Оған мемлекет тарапынан қажеті қолдау жасалуда.

  • 20 Ақпан 2012
  • 504
Фото - Caravan.kz

Астана қаласындағы Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрының балет труппасының солисі Таиыр Гатауов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында осылай айтты.

«Елімізде кенже дамыған өнер салаларының бірі — балет. Осыған қарамастан ол аса жоғары қарқынмен өркендеп келе жатыр. Оған 2000 жылы құрылып, ұлттық мәртебеге ие болған біздің Күләш Байсейітова атындағы опера және балет театрын мысалға келтіруге болады», — дейді ол.

1984 жылы 19-қазанда Орал қаласында өмірге келген Таир Талғатұлы 2003 жылы Александр Селезнев атындағы Алматы хореграфия училищесін, 2007 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін педагог-хореограф мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірді. Ал 2001-2003 жылдары Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында, 2007 жылы Италияның Милан қаласындағы әйгілі Ла Скала театрында тәжірибеден өтті. 2002 жылы Новосібірде өткен балет әртістерінің халықаралық байқауында дипломант атанған ол 2006 жылы Астанада болған «Шабыт» республикалық байқауында бірінші орын алды. Сондай-ақ сол жылы Астанада өткен Халықаралық балет әртістері байқауында 3-жүлдені иеленді. Отандық мәдениет пен өнерді дамытуға үлес қосқан 50 қайраткерге жыл сайын берілетін Мемлекетік стипендияны қатарынан 3 жыл бойы иеленген Т. Талғатұлының ендігі арманы «Ромео мен Джулетте» қойылымында Ромеоны сомдау болып отыр. Бұған дейін ол П. Чайковскийдің «Аққулы көлінде» Ротбарт, «Щелкунчигінде» ханзада, Б. Асафьевтің «Бақшасарай субұрқағында» Вацлав, А. Аданның «Жизелінде» Па-де-де, «Корсарында» Па-де-скляф, Ф. Шопеннің «Шопенианасында» бозбала, Л. Минкустың «Баядеркасында» алтын пұттың балет солисі болған еді.

Перейти к новостям спорта