деп хабарлайды жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.
Қылқалам шебері жиналғандарды өзінің жұмыстарымен үлкен экран арқылы пейзаж, портрет және панноларының слайдтарын көрсету арқылы таныстырды.
Қажыбек Баймолдин жастарға Суретшілер одағының қызметі туралы айтып берді. Өзі — павлодарлық бөлімше жетекшісі. Ол Қазақстандағы бейнелеу өнерінің қайнар көзі туралы айта келе, мұның іргетасы қолданбалы халық шығармашылығы мен ұлттық қолөнер болып табылатынын атап өтті.
Кездесуге қатысушылар шебердің монументальды жұмыстарына ерекше қызығушылықтарын танытты. Оның эскиздері бойынша С.Торайғыров атындағы ауылда халық ақынына арналған Мәдениет үйінің әшекейленуі, Екібастұз елді мекенінің Степной ауылында академик Әлкей Марғұланның мүсіні, жақында Павлодарда орнатылған ақын Павел Васильевке арналған ескерткіш жасалды.
ПМПИ студенттерінің өтініші бойынша суретші болашақ бейнелеу өнері пәнінің оқытушылары үшін шеберлік сабағын өткізетін болады.