Абай атындағы опера және балет театрына жаңа басшы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абай атындағы опера және балет театрына жаңа басшы тағайындалды

Абай атындағы опера және балет театрына жаңа басшы тағайындалды

Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

  • 21 Ақпан 2012
  • 555
Фото - Caravan.kz

Театрдың бас директоры болып ҚР еңбек сіңірген әртісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері, доцент, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін дипломанты және лауреаты Ғабит Несіпбаев тағайындалды.

Анықтама: Ғ.Несіпбаев Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының фортепиано факультетін (1985) және аспирантурасын (1987) тәмамдаған.
Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерін меңгерген.
Еңбек жолын 1985 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында органист болып бастады.
Әр жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында аға оқытушы, доцент, оқу ісі жөніндегі проректор, стратегиялық даму және ұйымдастыру ісі жөніндегі проректор болып істеді.
2005 жылдан осы уақытқа дейін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының органисі.
Ғ.Төлеутайұлы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 60 жылдығына арналған «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының тарихы» атты мерейтойлық басылымның авторы.

Перейти к новостям спорта