Алматыда «Карменсита» қойылымының премьерасы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда «Карменсита» қойылымының премьерасы өтеді

Алматыда «Карменсита» қойылымының премьерасы өтеді

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 29 ақпан мен 2 наурыз аралығында «Карменсита» қойылымының премьерасы өтеді, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 23 Ақпан 2012
  • 452
Фото - Caravan.kz

«Кармен» — дүниежүзілік сахна төрінен опера, мюзикл, балет ретінде талай рет тамашаланған. «Карменсита» (Проспер Мерименің «Кармен» повесіне фантазия, авторы және режиссері — Т.Теменов) қойылымы драма күйінде алғаш рет сахналанбақ. «Карменсита» — махаббат пен ғашықтық, сұлулық пен іңкәрлік сезімдер жайында сыр шертетін, сүйгеніне жету жолында күресу, өшпенділік пен озбырлық жайында сөз етер, тартысқа толы туынды. «Кармен» шығармасының бас кейіпкері — испандық жас сыған қызы. Кармен өзінің сымбатты келбеті, бойдағы жалын атқан жастық қуаты, жасампаз сұлулығы және тартымды тәкаппарлығы арқылы елдің бәрін өзіне ынтық етеді.

Шығарманың басты кейіпкерінің өне-бойы ай жарықта жымыңдаған жұлдыздар сынды жарық, ашық аспан астындағы айдын көлдің тұнығындай мөлдір, айнала біткен табиғаттың көркем келбетіндей жарқын. Кармен — туынды желісінде асқан сұлулығымен қатар, тағылымсыз, екіұдай жасампаз қылықтарымен де бейнеленеді. Әйтсе де, оның ерекше болмысы — айналасына махаббат сыйлаған ару кейпінде көрініс табады.

Перейти к новостям спорта